Футбол клубтарын лицензиялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Футбол клубтарын лицензиялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

17 қаңтар 2023, 12:17
16 қаңтарда ҚФФ кеңсесінде футбол клубтарын лицензиялау жөніндегі Комиссияның отырысы аяқталды.

Жарысқа қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау отырысы бойынша құжаттарды қарау барысында Комиссия келесі шешімдерді қабылдады:

  1. Лицензиялау жөніндегі Қағидалардың 54-бабы (ҚФБ өткізетін жарыстарға қатысуға өтініш), 55-бабы (минималды заң ақпараты) және 56-бабы (топтың басқармасы мен меншігінің құрылымы) бойынша құжаттарды орындамағаны және ұсынбағаны үшін «Игілік» ФК (Қаратау қ.) Бірінші лиганың 2023 жылғы маусымына қатысуға лицензия ізденушілер құрамынан шығарылсын;
  2. 54-бап (ҚФФ өткізетін жарыстарға қатысу туралы өтініш), 55-бап (минималды заң ақпараты) және 56-бап (топтың басқару және меншік құрылымы) бойынша құжаттарды орындамағаны және ұсынбағаны үшін «Жас-Сұңқар» ФК (Астана қ.) Екінші лиганың 2023 жылғы маусымына қатысуға лицензия ізденушілер құрамынан шығарылсын;
  3. Лицензиялау Ережесінің 62-бабы орындалмағаны және сәйкес келмегені үшін «Тұран» ФК-на «ойыншылардың ауысуларын (трансферлерін) тіркеуге тыйым салу» санкциясы қолданылсын.
Бөлісу
Жоғары