Олжас Абраев «Монако» – «Байер» матчына делегат болып тағайындалды

Олжас Абраев «Монако» – «Байер» матчына делегат болып тағайындалды

22 ақпан 2023, 14:50
Ойын Монако қаласында «Луи ІІ» стадионында өтеді.

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Олжас Абраев УЕФА Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде франциялық «Монако» және германиялық «Байер» арасында өтетін қарымта ойынның делегаты болып тағайындалды. 

Ойын ертең, 23 ақпан күні Астана уақытымен 23:45 басталады. 

Еуропа лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы ойынында «Монако» сырт алаңда «Байер» командасын 3:2 есебімен ұтқан болатын.  

УЕФА делегаты – матчты ұйымдастыруға жауапты, қауіпсіздік сұрақтары мен жарыстың тәртібін сақтауды бақылайтын УЕФА-ның ресми өкілі. 

Олжас Абраев 2013 жылдан бастап УЕФА матчтарының делегаты қызметін атқарып келеді. Ал 2016 жылдан бастап ФИФА матчтарының комиссары, сонымен қатар УЕФА-ның маркетинг бойынша консультативті кеңесінің мүшесі. 

Бөлісу
Жоғары