Абылайхан Жұмабек ұлттық құрамаға шақырту алды

Абылайхан Жұмабек ұлттық құрамаға шақырту алды

15 наурыз 2023, 22:29
Қазақстан ұлттық құрамасының нақты тізіміне өзгерістер енді.

«Қайраттың» шабуылшысы Артур Шушеначев жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыса алмайды. Оның орнын «Ақтөбе» командасында ойнайтын Абылайхан Жұмабек басады.

Еске сала кетейік, ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 16 наурыз күні Астанада басталады. Біздің жігіттер Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Словения (23 наурыз) және Дания (26 наурыз) командаларымен кездеседі.

Бөлісу
Жоғары