Қызылжарда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған республикалық футбол фестивалі өтті

Қызылжарда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған республикалық футбол фестивалі өтті

03 сәуір 2023, 17:33
31 наурыз күні Қызылжарда Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен УЕФА-ның «Футбол және әлеуметтік жауапкершілік» бағдарламасы аясында балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол фестивалі ұйымдастырылды.

Футбол мерекесі «АМАНАТ» партиясының жанынан құрылған Жастар футболын қолдау және дамыту қорының атсалысуымен, сондай-ақ Петропавл қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, «Қызылжар» футбол клубының қолдауымен ұйымдастырылды.

Фестивальге өңірдегі балалар үйінің 100-ге тарта тәрбиеленушілері, сонымен қатар «Қызылжар» футбол орталығы және жастар командаларының ойыншылары мен бапкерлері қатысты.  
Іс-шарада кәсіпқой футболмен айналысатын «Қызылжар» командасының ойыншылары шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, соңы балалардың қатысуымен көңілді эстафетаға ұласты. 
Балалар мен жасөспірімдерге арналған келесі футбол фестивалі мамыр айына жоспарланған.

Бөлісу
Жоғары