ҚФФ президенті әуесқойлар арасында шағын футболдан ҚР чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты

ҚФФ президенті әуесқойлар арасында шағын футболдан ҚР чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты

07 шілде 2023, 23:58
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов «Kazakhstan Champions Cup» әуесқой командалар арасындағы шағын футболдан бесінші мәрте ұйымдастырылып жатқан ел чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты.

Федерация басшысы елімізде бұқаралық және әуесқой футболдың дамуының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Әділет Барменқұлов маусым айында Socca 6x6 түрінен Германияда өткен Әлем чемпионатында топ жарған Қазақстан құрамасының ойыншыларын жеңісімен құттықтап, отандық футболды дамытуға қосқан үлесі үшін үлкен алғысын білдірді.

Айта кетейік, «Kazakhstan Champions Cup» жарысының биылғы маусымына еліміздің түкпір-түкпірінен 32 команда қатысып жатыр. Ойындардың өтетін жері – елордадағы «Сайран Арена» спорт кешені. Турнир жеңімпазы 2024 жылы өтетін әуесқойлар арасында Әлем чемпионатына жолдама алады.

Бөлісу
Жоғары