Астанада әуесқойлар арасында өткен турнирге 156 команда қатысты

Астанада әуесқойлар арасында өткен турнирге 156 команда қатысты

19 шілде 2023, 14:28
Шағын футболдан «Көктем 2023» деп аталатын жарыс мәресіне жетті.

Қазақстанның әуесқой футбол лигасы ұйымдастырған елорда біріншілігі 6х6 форматында және әртүрлі лигалар арасында өтті.

Жарысқа қатысқан командалардың барлығы жеңіске деген ынта-жігерін көрсетіп, тартысқа түсті. Футбол мерекесі «Жетісу» саябағында ұйымдастырылған марапаттау рәсімімен жалғасты. Салтанатты іс-шараға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Андрей Дудин қатысып, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегелерін, сонымен қатар ұйымдастырушыларды марапаттады.

Астана қаласының біріншілігінде жүлделі орын алған командалар:

А лигасы:

1 орын – «Dostar CF»
2 орын – Полиция департаменті – «Тұрар»
3 орын – «Красная машина»

В лигасы:

1 орын – Ішкі істер министрлігі
2 орын – «Транстелеком» АҚ
3 орын – «Астана» ДФЛ

С лигасы:

1 орын – GORILLA ENERGY DRINK
2 орын – ЖШС «Жетісу ЖҚ»
3 орын – QAZAQAVTODOR

D лигасы:

1 орын – «Inter Astana»
2 орын – «Impladent»
3 орын – «ONM Paritet»

E лигасы:

1 орын – «KEGOC» АҚ
2 орын – «SARY TORGAI»
3 орын – «Ваканда»

F лигасы:

1 орын – «Авиация»
2 орын – «SOROKOVAYA» ШФК
3 орын – «AVIATOR»

Мастер лигасы:

1 орын – «Insar»
2 орын – «STAHLBAU»
3 орын – «Первый Тренер»

35+ лигасы:

1 орын – «Seed Company»
2 орын – «JAGUAR»
3 орын – «SHEKARA»

40+ лигасы:

1 орын – «АРҚА»
2 орын – «ALASH»
3 орын – «Целинник»

Бөлісу
Жоғары