Мадияр Кембілов – Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері

Мадияр Кембілов – Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері

25 шілде 2023, 12:00
Қазақстандық маман Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды.

Ол бапкерлік мансабын 2005 жылы бастады. «Ордабасы U-16», «Академия Оңтүстік», «Тұран Ж», «Яссы» сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда «БИІК-Шымкент» қыздар командасының ​​бас бапкері қатар атқарады.

Бұған дейін бұл қызметті ресейлік маман Александр Семенов болған еді.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады. Жеребе қорытындысы бойынша біздің команда С лигасының төртінші тобына түсіп, онда Израиль, Эстония және Армениямен ойнайды. Топтық кезең матчтары 20 қыркүйекте басталып, 2023 жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасады.

Бөлісу
Жоғары