ҚФФ қыздар футболында инновациялық жоба бастады

ҚФФ қыздар футболында инновациялық жоба бастады

25 тамыз 2023, 17:34
Қазақстан футбол федерациясы УЕФА және Disney компаниясымен бірлесіп UEFA Playmakers инновациялық жобасын іске қосты.

UEFA Playmakers жобасы 5 пен 8 жас аралығындағы бұрын соңды футбол ойнамаған қыздарды футболға шақыруға бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты - достармен қарым-қатынас орнату, ойын-сауық пен футбол ойнайтын орта құру, жаттығудың жаңа әдістерін енгізу, салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

Осы пилоттық жобаны іске қосу арқылы Астанадағы балабақшалардың дене шынықтыру мұғалімдері Disney-дің танымал анимациялық фильмдерінен шабыт алып, оқу процесін  шығармашылық бірегей әдістеме бойынша жүргізеді.

26-27 тамызда елордадағы балабақшалардың дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған тренингті жоба аясында УЕФА онлайн-семинарын сәтті аяқтаған ҚФФ нұсқаушылары өткізеді.

Тренинг осы жобаны іске қосудың барлық тетіктерін түсіндіруге бағытталады. Сарапшылар деректер жинау және қатысушылардың үлгерімін бақылау туралы әңгімелейді, сондай-ақ оқу процесін қалай жүргізу керектігі туралы құнды кеңестер береді.

Бөлісу
Жоғары