Қазақстан футзал құрамасының Әзербайжанға қарсы матчқа құрамы

Қазақстан футзал құрамасының Әзербайжанға қарсы матчқа құрамы

29 қыркүйек 2023, 12:30
Кездесулер Баку мен Астанада өтеді.

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Әзербайжанға қарсы кездесулерге шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге 16 ойыншы енді.

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де «Қайрат»), Қанат Жеткірбаев («Ақтөбе»);

Алаң ойыншылары: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов (барлығы – «Қайрат»), Шыңғыс Есенаманов, Райымбек Жұма, Ақжол Дәрібай (барлығы – «Семей»), Азат Валиуллин, Расул Абдуманапұлы (екеуі де – «Аят»), Арнольд Кнауб («Жетісу»), Олжас Тайбасаров («Астана»), Лео («Жоинвиль», Бразилия).

Жаттықтырушылар құрамы: Рикардо Кака – бас бапкер, Дәурен Нұрғожин – бас бапкердің көмекшісі, Григорий Шамро – қақпашылар жаттықтырушысы, Вендел Луиз – дене шынықтыру жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Ойбек Пулатов – массажист, Қуаныш Ізбасаров – менеджер, Рахат Әкімқұл – администратор.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қазақстан футзал құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бакуде Әзербайжанмен ойнаса, 11 қазанда Астанада дәл осы команданы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қабылдайды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары