Сариев пен Васютин 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында жұмыс істейді

Сариев пен Васютин 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарында жұмыс істейді

24 қазан 2023, 16:50
Қазақстандық төрешілер Болат Сариев пен Сергей Васютин 17 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына тағайындалды.

Турнир Италияның Сервия, Сантарканжело-ди Романья және Форли қалаларында 25-31 қазан аралығында өтеді.

Солтүстік Ирландия мен Грекия жастар құрамалары арасындағы кездесудің бас төрешісі болып Болат Сариев тағайындалды. Оған Сергей Васютин мен италиялық Маттиа Скарпа көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Хуан Лука Сакки (Италия) атқарады. Сондай-ақ, 28 қазанда өтетін Грекия U-17 - Сан-Марино U-17 матчында қазақстандық төрешілер тобы жұмыс істейді.

Сергей Васютин 31 қазан күні Грекия мен Италия жастар құрамалары арасындағы ойынға бас төреші көмекшісі болып тағайындалды. Төртінші төреші болып Болат Сариев жұмыс істейді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары