Футбол клубтарын лицензиялау Комиссиясының отырысы өтті

Футбол клубтарын лицензиялау Комиссиясының отырысы өтті

09 ақпан 2024, 12:22
2024 жылдың 8 ақпанында Қазақстан футбол федерациясы футбол клубтарын лицензиялау Комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста футболдан OLIMPBET-ҚР Чемпионатына қатысушыларын лицензиялау процесінің нәтижесі қаралды. Отырыстың нәтижесі бойынша Комиссия келесі шешімдерді қабылдады:

I. «ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау ережесін» орындаған және талаптарына сәйкес болғаны үшін футболдан OLIMPBET-ҚР Чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін лицензия берілсін:

1. «Ордабасы» ФК 

2. «Астана» ФК 

3. «Ақтөбе» ФК 

4. «Қайрат» ФК 

5. «Қызыл-Жар СК» ФК

6. «Қайсар» ФК

7. «Атырау» ФК

8. «Тобыл» ФК

9. «Шахтер» ФК

10. «Жетісу» ФК

11. «Елімай» ФК

12. «Тұран» ФК

13. «Жеңіс» ФК

II. «ҚФФ ұйымдастыратын жарыстарға қатысу үшін футбол клубтарын лицензиялау ережесінің» талаптарын орындамағаны және ең минималды талаптарға сәйкес келмегені үшін «Мақтаарал» ФК КММ-ға футболдан OLIMPBET-ҚР Чемпионатының 2024 жылғы маусымына қатысу үшін лицензияны беруден бас тартылсын;

III. «Мақтаарал» ФК КММ-ға 2024 жылдың 20 ақпанына дейін футболдан Бірінші немесе Екінші лига командалары арасында ҚР Біріншілігіне қатысу үшін лицензиялау процесіне шұғыл рұқсат алу рәсіміне өту үшін қатысуды растасын.

Бөлісу
Жоғары