Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА халықаралық жарысына қатысады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА халықаралық жарысына қатысады

17 сәуір 2024, 17:00
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Волгоград қаласында өтетін УЕФА Даму Кубогы жарысында бақ сынайды.

Қазақстан U17 құрамасы Талғар қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, артынша УЕФА Даму Кубогы өтетін Волгоград қаласына аттанады. Біздің команда  Ресей, Гана және Сербиядан келген қатарластарымен ойнайды. Жарыс 24-28 сәуір күндері өтеді деп жоспарланған.

Аға жаттықтырушы Бауыржан Сағындық Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады:

Қақпашылар: Матвей Терентьев («Шахтер»), Никита Килджиев («Ақтөбе»), Артем Сентябов («Шахтер») Махмұджан Сұңғатуллин («Жас-Қыран»);

Қорғаушылар: Наиль Исмаилов («Сұлтан»), Әли Әскербеков, Әлихан Жексенбек (екеуі де – «Астана»), Сұлтанбейбарыс Әбдуғаппар («Ордабасы»), Сұлтан Әбдіманап, Ерасыл Сансызбай (екеуі де – «Жас-Қыран»);

Жартылай қорғаушылар: Арафат Молдағалиев («Жетісу»), Руслан Уәлиханов, Даниял Назаров («Астана»), Нұрхан Қағазбаев («Шахтер»), Еркебұлан Науханбай («Тараз»), Мирас Қуат («Шахтер»), Нұрмүбәрак Жақсылықов («Тобыл»), Аламгир Смаков (клубсыз), Шәріпжан Шәріпхан («Сұлтан»), Мансұр Багиман («Жас-Қыран»), Дінмұхамед Махмұдов, Әлихан Әли (екеуі де – «Оңтүстiк»);

Шабуылшылар: Ербол Құрманахан («Жетісу»), Абулмансұр Қасымтай («Ақсу»), Ади Жүсіпбеков («Сұлтан»), Абулмансұр Хасан («Атырау»);

Бапкерлер штабы: Бауыржан Сағындық – аға жаттықтырушы, Жарқынбек Жоламанов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Ербол Мұсабаев – дене даярлығы жаттықтырушысы, Валишер Рашид – қақпашылар жаттықтырушысы, Азамат Серікбаев – видеосарапшы, Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер, Еламан Саурбаев – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қатысуымен өтетін матчтар күнтізбесі:

24.03.2024

Сербия U17 – Қазақстан U17

 

26.03.2024

Қазақстан U17 – Ресей U17

 

28.03.2024

Қазақстан U17 – Гана U17

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары