Астанада ҚФФ кезектен тыс XXIV Конференциясы өтті

Астанада ҚФФ кезектен тыс XXIV Конференциясы өтті

05 маусым 2024, 16:32
Конференцияға аймақтық футбол федерация делегаттары, Атқарушы комитеттің мүшелері, сондай-ақ УЕФА мен ФИФА өкілдері қатысты.

ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов барлық қатысушыларды ҚФФ-ның халықаралық футбол федерациясы - ФИФА-ға кіруіне 30 жыл толуымен құттықтады. Конференция барысында ФИФА отбасына ҚФФ қабылдау туралы шешім қабылданған Чикагодағы (АҚШ) 49-шы ФИФА Конгресінің мұрағаттық кадрлары көрсетілді.

Күн тәртібінде ҚФФ Жарғысына қосымшалар мен өзгертулерді енгізу туралы мәселе талқыланып, ҚФФ кейбір мүшелерін Конференция құрамына алу және ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамын өзгерту туралы тақырыптар қозғалды. 

2023 жылдың маусымынан бастап ҚФФ ФИФА және УЕФА-ның қатысуымен «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңы, ҚР ҰОК, ХОК жарғысы талаптарына сәйкестендіріп, әлем футболы үрдісінен артта қалмау үшін Жарғысын жаңарту бойынша жұмыс жүргізді.

Бұдан бөлек, «Дене шынықтыру және спорт туралы» ҚР Заңында көрсетілгендей әр аймақта бір ғана аккредиттелген футбол қауымдастығы/федерациясы болу қажет. Сол себепті Семей қаласы футбол қауымдастығы мен Талдықорған қаласы футбол федерацияларын ҚФФ құрамынан шығару мәселесі көтерілді. 

ҚФФ Жарғысына сәйкес, Конференцияның айрықша құзыретіне Атқарушы комитеттің мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерін тоқтату жатады. Осыған байланысты ҚФФ Атқару Комитетінің өз еркімен шыққан Е.О.Еділов, С.Д.Сейітқазынов, К.К.Айтуғанов, Е.К.Жамаубаев, Э.В.Огайдың өкілеттіктері тоқтатылды.

Сонымен қатар, Қазақстан футзалы қауымдастығының президенті Т.А.Қосмұхамбетовті Атқарушы комитеттегі бос орынға сайлау үшін дауыс беруге шығарылды.

Бөлісу
Жоғары