Түркістан облысының мектеп оқушылары «Былғары доп» лигасының жеңімпазы атанды

Түркістан облысының мектеп оқушылары «Былғары доп» лигасының жеңімпазы атанды

02 шілде 2024, 18:00
 Астана қаласында Футбол үйі манежінде «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасы финалдық кезеңі өтті.

Жарысты ұйымдастырушы – Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру даярлығы орталығы.

Ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы болып Түркістан облысы Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектептің командасы атанды. Күміс жүлде иегерлері - Павлодар облысының №41 спорт бағытындағы жалпы орта білім беретін бейінді мектебінің оқушылары. Қола жүлде  Қ.Жақсарбаев атындағы орта мектеп (Жетісу облысы) оқушыларына бұйырды.

Финалдық кезеңге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 15 команда қатысты. 

Жеке марапат иегерлері:

Үздік ойыншы - Данил Ильченко (Павлодар облысы)

Үздік қорғаушы - Абдулғазым Базарбай (Түркістан облысы)

Үздік қақпашы - Бейбарыс Сұлтан (Алматы қаласы)

Сұрмерген - Мерей Серікұлы (Жетісу облысы)

Финалдық кезеңде бақ сынаған командалар:

1. Ыбырай Алтынсарин ауылының орта білім беретін мектебі (Ақмола обл., Целиноград ауданы)
2. Қаныш Сәтбаев атындағы «Binom» мектебі (Астана қ)
3. №41 спорт бағытындағы жалпы орта білім беретін бейінді мектеп (Павлодар қ)
4. А. Байтұрсынов атындағы мектеп гимназия (Жамбыл облысы, Талас ауданы)
5. № 182 жалпы білім беретін мектеп (Алматы қ)
6. Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беретін мектеп (Түркістан облысы)
7. № 56 жалпы білім беретін орта мектебі (Ақтөбе қаласы)
8. №21 жалпы білім беретін мектеп (Ұлытау облысы, Жезқазған қ)
9. «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей - интернаты (Атырау облысы)
10. Орта мектеп интернаты (Қарағанды қаласы)
11. № 21 жалпы білім беретін мектеп (Маңғыстау обл. Ақтау қаласы)
12. Георгиевка орта мектебі (Абай обл. Жарма ауданы)
13. № 12 орта білім беру мектебі (Алматы обл, Байсерке кенті)
14. Қ.Жақсарбаев атындағы орта мектеп (Жетісу облысы)
15. №249 мектеп-лицейі (Қызылорда обл)

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары