ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН ЖАСТАР ҚҰРАМАЛАРЫ ТЕҢ ТҮСТІ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӘЗІРБАЙЖАН ЖАСТАР ҚҰРАМАЛАРЫ ТЕҢ ТҮСТІ

04 маусым 2018, 13:32
Қазақстан мен Әзірбайжан жастар құрамалары арасында өткен матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Ойынның алғашқы жарты сағатында командалар сақ ойнады. Алайда, кездесудің 34-минутында әзірбайжандық футболшылар нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Қонақтардың қорғаушысы Сертан Тасқын алыстан қақпа торын дәл көздеді. Біздің құраманың ойыншылары үзіліске дейін таразы басын теңестіруге ұмтылғанымен, қарсыластың қорғанысын бұза алмады.

Екінші таймда ойынның басымдығы толықтай Қазақстан құрамасының қолына көшті. Тыңнан алаңға шыққан Руслан Әлімбаев қақпаға басымен соққы бағыттап, сәл қисық кетті.

Кездесудің 80-минутында Әзірбайжан құрамасының қорғаушысы айып алаңында ойын тәртібін бұзды. Пенальтиден Айбол Әбікен таразы басын теңестірді – 1:1.

Гол соғылған соң қос команда ашық ойынға көшті. Қосымша уақытта әзірбайжандық шабуылшының соққысын қақпашы Тимурбек Закиров қайтарды. Қарымта шабуылда Ринат Жұматов қақпаның тоғыздығын көздеген, алайда қарсыластың қақпашысы шеберлік танытты.

Тартысты өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Бөлісу
Жоғары