Елордада футболдан «Әкім Кубогы» турнирі өтеді

Елордада футболдан «Әкім Кубогы» турнирі өтеді

06 шілде, 15:57
Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясы жасөспірімдер арасында жаңа халықаралық турнирдің басталатыны туралы хабарлайды.

9-14 шілде аралығында Астанада 17 жасқа  дейінгі жасөспірімдер арасында «Әкім Кубогы» турнирі өтеді. Жарысқа 8 команда қатысады. Олардың арасында Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан құрамалары, Ресейдің Тобольск және Қазақстанның «Астана», СДЮСШОР (Астана), «Ертіс» (Павлодар), «Шахтер» (Қарағанды) және «Қызыл-Жар СК» (Петропавл) командалары бар.

Топтық кезеңнің ойындары Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өтеді. Ал, финалдық кездесулер «Астана Арена» стадионында жоспарланған. Астана қалалық футбол федерациясы Youtube арнасында барлық ойындарды тікелей эфирде көрсетеді.

Ойын күнтізбесі:

«А» тобы

1. «Астана-U17»

2. Қырғыз Республикасы құрамасы-U17

3. Тәжікстан-U17

4. «Ертіс-U17» (Павлодар)

 

«В» тобы

1. СДЮСШОР №8-U17 (Астана)

2. «Шахтёр-U17» (Қарағанды)

3. «Ертіс-Д-U17» (Тобольск, РФ)

4. «Қызыл Жар-U17» (Петропавл)

 

Топтық кезең

9 шілде (дүйсенбі)

I тур

10:00 - СДЮСШОР №8-U17 - «Шахтёр-U17»

12:30 - «Ертіс-Д-U17» – «Қызыл Жар-U17»

15:00 - Тәжікстан-U17 - «Ертіс-U17»

17:30 - «Астана-U17» - Қырғыз Республикасы құрамасы-U17

 

10 шілде (сейсенбі)

II тур

10:00 - СДЮСШОР №8-U17 - «Ертіс-Д-U17»

12:30 - «Қызыл Жар-U17» - «Шахтёр-U17»

15:00 - Қырғыз Республикасы құрамасы-U17 - Тәжікстан-U17

17:30 - «Астана-U17» - «Ертіс-U17»

 

12 шілде (бейсенбі)

 III тур

10:00 - «Қызыл Жар-U17» - СДЮСШОР №8-U17

12:30 - «Шахтёр-U17» - «Ертіс-Д-U17»

15:00 - Тәжікстан-U17 - «Астана-U17»

17:30 - «Ертіс-U17» - Қырғыз Республикасы құрамасы-U17

 

13 шілде (жұма)

Финалдық кездесулер

10:00 - 7-8 орын үшін ойын

12:30 - 5-6 орын үшін ойын

15:00 - 3-4 орын үшін ойын

17:30 - Финал

 

 

Бөлісу
Жоғары