Азамат Айтқожин Армения футбол федерациясының бас хатшысына жеделхат жіберді

Азамат Айтқожин Армения футбол федерациясының бас хатшысына жеделхат жіберді

01 тамыз 2018, 17:30
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин Армения футбол федерациясының бас хатшысы Армен Минасянға жеделхат жіберді:

«Қазақстан футбол федерациясы еревандық «Пюник» футбол клубының Еуропа Лигасының үшінші айналымына шығуымен құттықтайды. Армения футболы үшін үлкен табыс. «Пюник» футбол клубы мен Армения футболына жаңа жеңістер тілейміз!

31 шілде күні «Пюник» пен «Тобыл» арасындағы кездесудің соңында болған сәтке назар аударуыңызды сұраймыз. Алаң иелерінің бас бапкерінің көмекшісі Иван Нагайцев қазақстандық жаттықтырушылар штабына қарай көрсеткен ерсі қылығы тікелей эфирде тамашалаған миллиондаған қазақстандық жанкүйер арасында наразылық тудырды. Аталған оқиғалар екі елдің федерациясының арасында қалыптасқан достық қарым-қатынасқа теріс әсер етпегенін қалаймыз», - делінген жеделхатта. 
 

Бөлісу
Жоғары