Қазақстан жастар құрамасы Словениямен екінші ойынын өткізді

Қазақстан жастар құрамасы Словениямен екінші ойынын өткізді

11 қыркүйек, 22:41
2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Словения мен Қазақстан жастар құрамалары Птуй қаласында кездесті.

Қазақстан жастар құрамасы ойынды қарқынды бастады. Алғашқы он минутта өткір шабуылдар ұйымдастырғанымен, қақпаға тура соққы бағыттауға мүмкіндік болмады. Словения жастар құрамасы алғашқы шабуылынан кейін бұрыштама добын орындауға мүмкін алды. Кездесудің он бірінші минутында әуелете көтерілген бұрыштама добына Жига Липушек бірінші болып жетіп, есеп ашты. Жылдам гол біздің ойыншылардың сағын сындырмады. Қалған уақытта Қазақстан жастар құрамасы ойын үстемдігін толық қолға алып, қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Шабуылда Максим Федин, Иван Антипов, Жандос Сұлтан және Наурызбек Жагоров өте белсенді ойнады.

Ойынның аяқталуына он минут қалғанда Қазақстан жастар құрамасы керемет комбинация ұйымдастырды. Рамазан Оразов бастаған шабуылды Наурызбек Жагоров жалғастырды. Жагоровтан пас алған команда капитаны Максим Федин әдемі соққысымен таразы басын теңестірді. Алайда, матчтың соңғы минутында алаң иелері айып соққысын сәтті орындап, қайтадан алға шықты. Эрик Глиханың көтерген добы барлық ойыншылардан өтіп, қақпа торынан табылды. Қорытынды есеп - 2:1.

Словения U-21 - Қазақстан U-21 - 2:1 (1:0)

Голдар: Липушек 11, Глиха 89 - Федин 79

Ескерту: Кухар 22, Озболт 89 - Перцух 33

Словения U-21: Сорчан (к), Пишек, Станкович, Кухар, Млакар (Озболт 65), Репас (Петрович 82), Глиха, Липушек, Брекало, Вокич (Черин 71), Врбанеч.

Резерв:  Янжекович, Мате, Баджык, Хамар

Қазақстан U-21:  Трофимец, Әбілғазы, Орынбасар, Кусяпов, Соколенко (Ходжамов 79), Федин (к), Оразов, Жагоров, Перцух (Қалмұратов 57), Антипов (Наджарян 68), Сұлтан.

Резерв:  Сотник, Тұрсынбай, Сарбай, Өміртаев.

Төрешілер: Румшас, Радиус, Аракелян (барлығы - Литва).

11.09.2018. Птуй, Местны.

Бөлісу
Жоғары