Қазақстан – Латвия матчына аккредитация қабылданады

Қазақстан – Латвия матчына аккредитация қабылданады

05 қараша 2018, 15:07
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Қазақстан мен Латвия құрамалары арасындағы матчқа аккредитация алу үшін өтініштер қабылдайды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу 2018 жылдың 13 қараша сағат 12:00-ге дейін жалғасады.

Қазақстан – Латвия матчы 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында сағат 21:00-де басталады.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына press@kff.kz жіберу керек. Сонымен қатар, матча жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің қызметі (журналист, фотограф, тв, радио) көрсетілуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Назар аударыңыздар! Орын саны шектеулі. Газет, сайт және радио қызметкерлері үшін аккредитация саны – 2 (корреспондент және фотограф), телеарна үшін – 3 (оператор және 2 корреспондент).

Аккредитациялық куәліктерді 14 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтетін матч алдындағы баспасөз мәслихатында алуға болады.

Аккредитациялық бейджиктерді алу үшін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне хабарласуларыңызды сұраймыз. 

Анықтама телефондары: +7 (7172) 790-785, +7 (702) 446-46-89, +7 (707) 515-20-20.


 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары