Таразда әуесқой футболдан турнир аяқталды

Таразда әуесқой футболдан турнир аяқталды

25 желтоқсан 2018, 15:29
Тәуелсіздік күніне арналған жарыс «Тараз Арена» спорт кешенінде өтті.

Аймақтық турнирге Алматы, Шымкент, Түркістан, Қызылорда, Тараз қалалары, Алматы және Жамбыл облыстарынан 10 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды алматылық «Petro Star» жеңіп алды. Екінші орын қызылордалық «Диалға» бұйырды. Үшінші орын иелеген команда екеу. Олар - «Альтаис» (Тараз) және «Айша бибі» (Жамбыл облысы).

Бөлісу
Жоғары