Қазақстан құрамасының Шотландия және Ресеймен өтетін ойындарының билеттері онлайн сатылымға шықты

Қазақстан құрамасының Шотландия және Ресеймен өтетін ойындарының билеттері онлайн сатылымға шықты

01 наурыз, 19:25
Қазақстан футбол федерациясы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан - Шотландия және Қазақстан - Ресей матчтарының билеттері онлайн сатылымға шыққанын хабарлайды.

Қазақстан - Шотландия матчы 21 наурыз күні Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталуы - 21:00.

Қазақстан - Ресей матчы 24 наурыз күні сағат 20:00-де басталады. Ойынды «Астана Арена» стадионы қабылдайды.

Екі ойынға билетті www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Билеттердің құны 500-5000 теңге аралығында.

Бөлісу
Жоғары