ҚФФ өкілдері Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

ҚФФ өкілдері Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды

05 наурыз, 14:41
Қазақстан футбол федерациясының Футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев пен футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Паулу Рикардо Кака жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды.

Қазақстан футбол федерациясының өкілдері жұмыс сапарында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановпен кездесті. Өңір басшысымен кездесуде футзалды дамытудың келешегіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Маңғыстау облысының чемпионаты өте жоғары деңдейде ұйымдастырылады. Төрт футзал лигасы бар. Облыс біріншілігіне қатысатын командалар бәсекелестікті арттыру мақсатында шетелден ойыншылар шақырады.

Әр жылдары Маңғыстау облысынан Қазақстан құрамасына бірнеше футболшы шақырылды. Олардың арасында Болат Ережепов, Андрей Маляров, Вячеслав Кузин, Серік Баймұқашев, Мақсат Ізтаев және Ермұхамад Балғабаев бар. Олар 1999 жылы Қазақстан құрамасының қатарында Азия Чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды. Ерлан Қарақұлов, Сүндетқали Мамаев, Нұрым Кенжебаев ұлттық құрама намысын қорғады. Дінмұхамбет Сүлейменов қазіргі таңда ұлттық құраманың капитаны.

Футзалы дамыған Маңғыстау облысында Қазақстан Чемпионатына команда қатыспайды. Алайда, Қазақстан футбол федерациясының өкілдерімен кездесуден кейін аймақ басшысы Ералы Тоғжанов 2019/2020 жылғы маусымда ел чемпионатына команда қосылатынан айтты.

Қазақстан футбол федерациясы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановқа аймақтағы футбол мен футзалды дамытуда қолдау көрсетіп жатқаны үшін алғыс білдіреді.

Бөлісу
Жоғары