Қазақстан жастар құрамасы Латвиямен тең түсті

Қазақстан жастар құрамасы Латвиямен тең түсті

22 наурыз 2019, 23:10
Александр Москаленко шәкірттері «Antalya Cup 2019» халықаралық турнирінің алғашқы ойынын тең аяқтады.

Латвия құрамасы ойынның үшінші минутында Дэниельс Балодис соққан голдан кейін есеп ашты. Біздің футболшылар екінші таймда таразы басын теңестірді. Акмаль Бақтияровтың айып соққысынан көтерген добын қорғаушы Сағадат Тұрсынбай голға айналдырды.

Қазақстан U-21 - Латвия U-21 - 1:1 (0:1)

Голдар: Сағадат Тұрсынбай 57 - Дэниельс Балодис 3

Бөлісу
Жоғары