Зерендіде «Көктемгі демалыс» турнирі өтті

Зерендіде «Көктемгі демалыс» турнирі өтті

03 сәуір, 09:57
26-30 наурыз аралығында Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдер арасында Наурыз мейрамына арналған «Көктемгі демалыс» турнирі ұйымдастырылды.

Жарысқа екі топ қатысты:  2005-2006 және 2008-2009 жылғы балалар.

Бес күн ішінде Нұр-Сұлтана, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Екібастұз, Көкшетау, Тайынша және Зеренді командалары жеңімпазды анықтады.

Төменгі топ арасында көкшетаулық ДЮФШ «Оқжетпес» жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды  БФО (Нұр-Сұлтан) және ДЮСШ (Қостанай) командалары бөлісті.

Жоғары топ арасында қостанайлық «Тобыл» топ жарды. Екінші орында - «Қызыл-Жар СК» (Петропавл). Үшінші орын «Жігер» (Зеренді) командасына бұйырды.

 

Турнир қорытындысы бойынша үздік атанған ойыншылар:

2008-2009 жылғы балалар арасында:

Үздік қақпашы - Николай Литвинюк (ДЮСШ, Тайынша)

Үздік қорғаушы - Роман Гаврилюк (ДЮСШ, Қостанай)

Үздік шабуылшы - Глеб Малицкий («Энергетик», Көкшетау)

Үздік ойыншы - Вадим Гришаков (ДЮФШ, «Оқжетпес»)

«Көрермендер көзайымы» жүлдесі - Елдар Жолдықанов («Жастар») және Есжан Мансұр («Жігер»).

 

2005-2006 жылғы балалар арасында:

Үздік қақпашы - Александр Наак (ДЮСШ №1)

Үздік қорғаушы - Артур Ибрагимов (ДЮФШ, «Оқжетпес»-2006)

Үздік жартылай қорғаушы - Диас Еркеғұлов («Жастар»)

Үздік шабуылшы - Максим Радченко («Қызылжар» ФО)

Үздік ойыншы - Әлішер Оразбаев («Тобыл» ФО)

«Көрермендер көзайымы» жүлдесі - Темірлан Жүсіпбек («Жігер»).

Бөлісу
Жоғары