Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға көтерілді

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға көтерілді

04 сәуір, 15:00
Халықаралық футбол қауымдастығы 2019 жылдың наурыз айының қорытындысы бойынша әлемдік рейтингті жариялады.

Қазақстан құрамасы өткен айдың қорытындысы бойынша бір сатыға көтеріліп, 116-орынға жайғасты. 

Михал Билек жаттықтыратын Қазақстан құрамасы наурыз айында Шотландия құрамасы 3:0 есебімен ұтып, Ресейге жол берді - 0:4.

 

Рейтинг ФИФА:

1. Бельгия - 1737

2. Франция - 1734

3. Бразилия - 1676

4. Англия - 1647

5. Хорватия - 1621

6. Уругвай - 1613

7. Португалия - 1607

8. Швейцария - 1604

9. Испания - 1601

10. Дания - 1586

...

44. Шотландия - 1430

46. Ресей - 1425

89. Кипр - 1276

116. Қазақстан - 1171

211. Сан-Марино - 848.

Бөлісу
Жоғары