Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Қарағандыға барды

Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Қарағандыға барды

17 сәуір, 17:50
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин жұмыс сапарымен Қарағанды қаласын аралады. Ол «Шахтер» футбол клубының жетекшілері және облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшыларымен кездесті. 

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мен Қазақстан футбол федерациясы Қарағанды қаласындағы «Шахтер» және Теміртау қаласындағы «Металлург» стадиондарында ресми ойындарды өткізуге тыйым салған болатын. Азамат Айтқожин екі нысанды да аралап, олардың инфрақұрылымымен танысты. 

Теміртау қаласындағы стадионда жаңа жасанды алаңды төсеу жұмыстары басталған. Ол бірнеше айға созылады. «Шахтер» футбол клубы Премьер-лигадағы ойындарын Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Арена» стадионында өткізіп жүр. Жанкүйерлер туған қаласында сүйікті командасының ойынын тамашалау мүмкіндігінен айырылған. Бас хатшы «Шахтер» және «Металлург» стадиондарын жөндеу жұмыстарына қатысты нақты тапсырмалар жүктеді.
 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары