Әйелдер арасында Қазақстан Чемпионатын өткізу туралы басқосу өтті

Әйелдер арасында Қазақстан Чемпионатын өткізу туралы басқосу өтті

18 сәуір, 14:58
Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде әйелдер арасында 2019 жылғы Қазақстан Чемпионтын ұйымдастыру бойынша жиын өтті.

Басқосуға еліміздегі футбол клубтары мен спорт мектептерінің өкілдері мен жаттықтырушылары қатысты. Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі Бауыржан Әбдубайытов, әйелдер футболы департаментінің директоры Берік Дүзелбаев және бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев қатысты.

Қатысушылар әйелдер арасында Қазақстан Чемпионаты мен Кубогын өткізу ережесін, күнтізбесін және форматын талқылап, жобасын бекітті. Ел чемпионаты екі айналымнан тұрмақ. Сонымен қатар, қатарлас ойындар өтеді. Маусымның басталуы 2019 жылдың 17 мамырына жоспарланған. Ал, Қазақстан Кубогы шағын турнир форматында күзде өтпек.

Бөлісу
Жоғары