Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылары Киевтің «Динамосында» тәжірибе алуда

Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылары Киевтің «Динамосында» тәжірибе алуда

19 сәуір 2019, 11:34
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушылары Александр Москаленко мен Қайрат Нұрдәулетов Украинаның «Динамо Киев» футбол клубында тәжірибеден өтіп жатыр.

Бапкерлер атақты клубтың инфрақұрылымы және академия жұмыстарымен танысып, жаттығу процесін қарайды. Сонымен қатар, Украина футбол федерациясы ұйымдастыратын бапкерлерді оқыту курсына қатысады. Дәріс оқуға бұрынғы танымал футболшы және бапкер Яя Туре шақырылған.

24 сәуір күні Украина чемпионатының көшбасшылары «Динамо» Киев пен «Шахтер» Донецк арасындағы ойынды тамашалайды.

Бөлісу
Жоғары