Азамат Айтқожин: «Төрешілердің жұмысын жақсарту жолында жұмыстар жалғасады»

Азамат Айтқожин: «Төрешілердің жұмысын жақсарту жолында жұмыстар жалғасады»

23 сәуір, 11:40
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин ҚФФ баспасөз қызметіне Премьер-лига командаларының ойындарында арасында қоғам назарына ілінген төрешілердің жұмысына қатысты сұхбат берді.

- Соңғы уақытта Чемпионаттың ойындары қоғам арасында жиі талқылауға түсіп жатыр. Әр ойын төрешілердің сараптамалық комиссиясының отырысында бейнежазба арқылы жекелей талқыланды. Маусым басталысымен Премьер-лига ойындарына қате жіберген бірқатар төрешілер жұмыстан шеттетілді. Өткен маусымда үшінші тұлғалармен келіссөз жүргізуге әрекет еткен Алексей Бобров үш жылға аластатылды. Сонымен қатар, өрескел қателері үшін Марат Ысқақов, Игорь Алешин және Александр Алиевке де санкция қолданылды. Төрешілердің жұмысын жақсарту жолында жұмыстар жалғаса бермек.

Төрешілерге арналған VAR жүйесі жиі айтылып жүр. Көптеген елдерде қолданылады бастады. Әлем Чемпионаты мен Чемпиондар лигасына да енгізілді. Қазақстан футбол федерациясының Төрелік ету және қадағалау департаменті осы жүйені Қазақстанға енгізу үшін ФИФА-ға өтініш тастады. Алайда, жүйені енгізу уақытты талап етеді.

Қазақстан футбол федерациясының Президенті Әділбек Жақсыбековтің бастамасымен әрі тапсырмасымен өзге ұлттық федерациялармен келіссөздер жүргізілді. Меморандум аясында чемпионаттардың басты ойындарына төрешілер алмастыруды қарастырып отырмыз.

Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы ойындардың ресми делегаттарының институтын құруды көздеп отыр. Олар ойынды бақылайтын болады. Инспекторлармен бірге қызметін жүргізеді.

Бірнеше жыл бұрын Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мен Қазақстан Республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ұзық мерзімді серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылды. Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы футболдағы теріс әрекеттермен күресуге дайын.

Төрешілер комитетіне тұрақты есеп беру жөнінде тапсырма жүктедім. Футбол клубтары мен қоғам комитет жұмыстарынан хабардар болуы шарт. Біз УЕФА Төрешілер конвенциясын қолдаймыз, - деді Азамат Айтқожин.

Бөлісу
Жоғары