Футзалдан Чемпиондар Лигасының ойындарын «Хабар» телеарнасы көрсетеді

Футзалдан Чемпиондар Лигасының ойындарын «Хабар» телеарнасы көрсетеді

25 сәуір 2019, 18:42
«Хабар» телеарнасы 26-28 сәуір күндері Алматыда өтетін футзалдан 2018/2019 жылғы Чемпиондар Лигасының финалын көрсету құқығын сатып алды.

«Алматы Арене» спорт кешенінде Еуропаның ең мықты клубы атағын қазақстандық «Қайрат», испаниялық «Интер» мен «Барселона», португалиялық  «Спортинг» сарапқа салады. 

26 сәуір күні «Қайрат» пен «Барселона» ойнайды. Екінші ойында «Спортинг» пен «Интер» кездеседі. Тартысты ойындарды «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде ұсынады. 

 

 

Бөлісу
Жоғары