Қазақстан U-15 құрамасы - УЕФА Даму Кубогының иегері

Қазақстан U-15 құрамасы - УЕФА Даму Кубогының иегері

13 мамыр, 15:28
15 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Арменияда өткен УЕФА Даму Кубогында жеңімпаз атанды.

Турнирге Қазақстан, Армения және Беларусь құрамалары қатысты. Біздің құрама екі ойын өткізді. Армения құрамасына 0:1 есебімен жол беріп, екінші ойында Беларусь құрамасын 4:1 есебімен айқын жеңді. 

Сонымен қатар, турнир аяқталғаннан кейін Александр Кузнецов командасы Арменияның «Бананц» командасының жастарымен жолдастық матч өткізіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасынан Олжас Байбек пен Қошали Измоллаев мергендік танытты. 
 

Армения U-15 - Қазақстан U-15 - 1:0 (0:0)

Голдар: Вардан Товмасян 59

 

Қазақстан U-15 - Беларусь U-15 - 4:1

Қазақстан сапында гол соққандар: Олжас Байбек, Әлихан Әмір (2), Ілияс Әбіл

 

«Бананц» - Қазақстан U-15 - 1:2

Қазақстан сапында гол соққандар: Олжас Байбек, Қошали Измоллаев.

 

Қазақстан U-15 құрамасы:

Қақпашылар: Мирас Рихард («Шахтер»), Никита Политик («Қайрат»);

Қорғаушылар: Нұрдәулет Тұяқбаев («Алаш-РКС»), Руслан Захаров («Жас-Қыран»), Игорь Горошков, Богдан Захарченко, Асқар Бижан, Досхан Дүйсенбек (барлығы - «Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Самғат Бейілхан, Олег Сұлтанов, Андрей Мачехин, Қошали Измуллаев, Ілияс Әбіл («Алаш-РКС»), Роланд Хануев, Глеб Валгушев, Олжас Байбек, Мирас Манат (барлығы - «Қайрат»), Валерий Валмери («Марсет», Испания);

Шабуылшылар: Жанер Жазмағамбетов («Каспий»), Әлихан Әмір, Дінмұхамед Сайын («Жас-Қыран»).

Жаттықтырушылар штабы: Александр Кузнецов - аға жаттықтырушы, Артем Гавриленко - аға жаттықтырушының көмекшісі, Даниил Рихард - қақпашылардың жаттықтырушысы, Ғалилбай Ахметов - дәрігер, Болат Адамбеков - менеджер.

Бөлісу
Жоғары