Бельгия құрамасы Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады

Бельгия құрамасы Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады

21 мамыр 2019, 23:04
Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес Қазақстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Жалпы саны 28 футболшы шақырылды:

Қақпашылар: Тибо Куртуа («Реал Мадрид»), Симон Миньоле («Ливерпуль»), Матц Зельс («Страсбур»), Хендрик ван Кромбрюгге («Эйпен»);

Қорғаушылар: Тоби Алдервейрельд («Тоттенхэм»), Леандер Дендонкер («Вулверхэмптон»), Венсан Компани («Манчестер Сити»), Брэндон Мехеле («Брюгге»), Томас Вермален («Барселона»), Ян Вертонген («Тоттенхэм»);

Жартылай қорғаушылар: Янник Карраско («Далянь Ифан»), Тимоти Кастань («Аталанта»), Насер Шадли («Монако»), Торган Азар («Боруссия М»), Томас Менье (ПСЖ), Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Деннис Прат («Сампдория»), Юри Тилеманс («Лестер»), Аксель Витсель («Боруссия Дортмунд»);

Шабуылшылар: Эден Азар («Челси»), Аднан Янузай («Реал Сосьедад»), Дрис Мертенс («Наполи»), Леандро Троссар («Генк»), Ханс Ванакен («Брюгге»), Миши Батшуайи («Кристал Пэлас»), Кристиан Бентеке («Кристал Пэлас»), Ромелу Лукаку («Манчестер Юнайтед»), Дивок Ориги («Ливерпуль»).

 

Бельгия - Қазақстан матчы 8 маусымнан 9 маусымға қараған түні елорда уақытымен 00:45-те басталады.

 

 

Бөлісу
Жоғары