Бауыржан Исламхан: «Тоқсан минут ойнауға дайынмын»

Бауыржан Исламхан: «Тоқсан минут ойнауға дайынмын»

10 маусым 2019, 17:39
Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан Сан-Мариномен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап берді:

— 90 минут ойнауға дайынсыз ба? Дайындығыңыз қалай?

— Иә, мен ойнауға дайынмын. Аздап қиындау, алайда алдағы ойында 90 минут тер төгуге дайынмын.

— Бельгиямен өткен ойыннан кейін қандай әсер қалды?

— Еуропаның ең мықты ұжымдарының біріне қарсы тұрдық. Өте жақсы қарсылас. Біз үшін мол тәжірибе. Футболшылар тырысып бақты. Енді Сан-Мариномен ойын туралы ойлаймыз.

 

Бөлісу
Жоғары