Қазақстан құрамасы ФИФА Рейтингінде екі сатыға көтерілді

Қазақстан құрамасы ФИФА Рейтингінде екі сатыға көтерілді

18 маусым, 11:16
Біздің құрама Халықаралық футбол қауымдастығы 2019 жылдың маусым айының 14 жарияланған қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте екі сатыға жоғары көтерілді.

Қазақстан құрамасы маусым айында өткен екі кездесу қорытындысы бойынша екі сатыға көтеріліп, 114-орынға жайғасты.

Михал Билек жаттықтыратын Қазақстан құрамасы алдымен қонақта Бельгия құрамасына 3:0 есебімен жол беріп, «Астана Арена» стадионында Сан-Марино құрамасын 4:0 есебімен жеңді.

 

ФИФА рейтингісі:

1. Бельгия - 1746

2. Франция - 1718

3. Бразилия - 1681

4. Англия - 1652

5. Португалия - 1631

6. Хорватия - 1625

7. Испания - 1617

8. Уругвай - 1615

9. Швейцария - 1605

10. Дания - 1589

...

43. Ресей – 1436

45. Шотландия - 1430

93. Кипр - 1258

114. Қазақстан - 1174

211. Сан-Марино - 839.

Бөлісу
Жоғары