Қазақстан қыздар құрамасының 10 жарқын жеңісі

Қазақстан қыздар құрамасының 10 жарқын жеңісі

01 қыркүйек 2019, 09:00
Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі біздің қыздардың Еуропа алаңдарындағы жарқын жеңістерінен топтама ұсынады:

31 тамыз, 2006 жыл

Қазақстан – Румыния 1:0

Гол салған: Наталья Иванова

Бұл жеңістің бағасы жоғары. Себебі Қазақстан құрамасы ӘЧ-2007 іріктеу кезеңіндегі және Еуропа футбол қауымдастығының одағына (УЕФА) енгелі алғашқы жеңісіне қол жеткізген еді.

 

18 қараша, 2006 жыл

Македония – Қазақстан 0:1

Гол салған: Бегайым Қырғызбаева

Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионаты-2009 іріктеу кезеңінің бірінші кездесуін македониялықтарға қарсы өткізген. Тартысты ойында қазақстандық арулар өздеріне берілген бір мүмкіндікті пайдаланып, есеп ашып, ойын соңына дейін қақпаларын голдан аман сақтады.

 

20 қараша, 2006 жыл

Фарер аралдары – Қазақстан 0:1

Гол салған: Лариса Ли

2009 жылы өтетін Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінің кезекті ойыны қазақстандық футболшы қыздар үшін сәтті аяқталды. Қонақта өткен матчта Лариса Лидың голы жеңімпазды анықтап берді.

 

22 қыркүйек, 2011 жыл

Қазақстан – Түркия 2:0

Голдарды салған: Лариса Ли, Бегайым Қырғызбаева

Андрей Ваганов баптайтын Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионаты-2013 қарсаңында өз алаңында Түркиядан келген бұрымды аяқдопшылардан үш ұпай ала білді. Екінші таймда шабуылшы Лариса Ли есеп ашса, ойынның аяқталуына аз қалғанда құрама капитаны Бегайым Қырғызбаева екінші голды соққан еді. Тамаша ойын, тамаша жеңіс!

 

19 қыркүйек, 2012 жыл

Қазақстан – Швейцария 1:0

Гол салған: Мария Ялова

Қарағанды қаласында өткен кезекті ойында Қазақстан құрамасы швейцариялық қарсыластарын минималды есеппен жеңіп кеткен еді. Шабуылшы Мария Ялова ойынның екінші бөлігінде қонақ киперді қапы қалдырып, ел қоржынына үш ұпай салды.

 

7 мамыр, 2014 жыл

Қазақстан – Болгария 4:1

Голдарды салған: Мәдина Жаңатаева, Бегайым Қырғызбаева (дубль), Мария Ялова – Борислава Кирева

2015 жылы жалауы желбіреген Әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан қыздары өз алаңында сенсация жасаған еді. Болгариядан келген қарсыластар қақпасына матчтың 9-минутында Жаңатаева алғашқы допты соқты. Мадинадан соң, Бегайым Қырғызбаева екі рет мергендігімен танылды. Ойын соңына қарай, Киреваның дәл соққысынан кейін, Ялова ойын нүктесін қойды.

 

2 маусым, 2016 жыл

Қазақстан – Израиль 1:0

Гол салған: Мария Ялова

Бұл ойында (ЕЧ-2017 іріктеу кезеңі) Қазақстан құрамасының шабуылшысы Мария Ялова бар шеберлігін ортаға салды. Ол қарсыластардан ала допты ала қашып, қорғаушыларды қапы қалдырып, қақпаның алыс бұрышын дәл көздеген болатын.

 

6 сәуір, 2017 жыл

Грузия – Қазақстан 0:1

Гол салған: Юлия Николаенко

Әлем біріншілігі-2019 іріктеу кезеңінің аясында аяқдопшы қыздарымыз Тбилисиде Грузия құрамасынан басым түсті. Жалғыз голды 34-минутта Юлия Николаенко соққан еді.

 

11 сәуір, 2017 жыл

Эстония – Қазақстан 0:1

Гол салған: Юлия Николаенко

ӘЧ-2019 іріктеу ойындары қарсаңында «А» тобына түскен Эстония мен Қазақстан құрамасы бақ сынасқан болатын. Бұл матчта да Юлия Николаенконың соққан жалғыз голы ел қоржынына үш ұпай салып берді.

 

12 маусым, 2018 жыл

Босния және Герцеговина – Қазақстан 0:2

Голдарды салған: Амина Спахич (автогол), Екатерина Бабшук

Осы жыл өткен әлем чемпионаты қарсаңындағы іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Босния және Герцеговина ойыншыларын өз алаңында ұтып кетті. Алғашқы таймда Спахич өз қақпасына гол соғып, қателессе, келесі ойын бөлігінде Бабшук алыстан әдемі соққы жасап, ойын нүктесін қойды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары