Кака: «Бүгінгі нәтиже ойыншылардың психологиясын көтереді»

Кака: «Бүгінгі нәтиже ойыншылардың психологиясын көтереді»

24 қыркүйек, 09:22
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Кака «Каспий Кубогы - 2019» турнирінде Ресеймен өткен ойынға (1:1) қатысты пікірін білдірді: 

- Тең нәтижемен команданы құттықтауға болады. Ойынның соңына дейін табысқа жететініне сенді. Ойынға қойған жоспарды орындадық деп ойлаймын. Біздің ойыншылардың ойынына қарай қорғаныстың арнайы үлгісін таңдап алдық. Біздің жігіттер қарсыластың қарымын жақсы түсінді. Бүгінгі нәтиже ойыншылардың психологиясын көтереді. Менің командамның болашағы бар. Мен марғасқа жігіттерді жаттықтыратынымды мақтан тұтамын. 

Бөлісу
Жоғары