Футзалдан Қазақстан құрамасы Ресеймен тең ойнады

Футзалдан Қазақстан құрамасы Ресеймен тең ойнады

23 қыркүйек, 23:10
Ресейдің Астрахань қаласында өтіп жатқан «Каспий Кубогы 2019» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы Ресеймен кездесті.

Тартысты өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Ресей құрамасының ойыншысы Артем Антошкин есеп ашса, матч соңына қарай біздің команданың ойыншысы Арнольд Кнауб қарымта қайтарды.

 

Қазақстан - Ресей- 1:1 (0:0)

Голдар: Кнауб 37 -  Антошкин 28

23.09.2019. Астрахань, «Звёздный» СК.

Бөлісу
Жоғары