Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватия футболшыларына есе жіберді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватия футболшыларына есе жіберді

10 қазан 2019, 00:39
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі аясында алғашқы ойынын Хорватиямен өткізді.

Ойында қарсыластар жеңіске жетті - 3:0. Хорватия құрамасынан Иван Брнич екі гол соқса, Марио Чуич бір мәрте көзге түсті.

Александр Фамильцев жаттықтыратын Қазақстан құрамасы келесі ойынын 12 қазан күні Грузиямен өткізеді.

 

Хорватия U-19 - Қазақстан U-19 - 3:0 (2:0)

Голдар: Брнич 32, 69, Чуич 36

Ескертулер: Гвардиол 66 - Зыкырьянов 3, Герасимов 75

Хорватия U-19: Жигер (Қ), Юришич, Вушкович (К), Гвардиол, Брнич (Купрешак 72), Янкович (Бельо 72), Шарич (Здунич 72), Чуич (Грозница 81), Хрвой, Сучич (Либер 87), Кризманич

Бапкер- Йосип Шимунич

Қазақстан U-19: Пузанов (Қ), Савкив, Жақсылықов, Бауыржан (Митрофанов 77), Иманғазиев (Жарлаев 68), Жұмабек, Зыкырьянов (Сейітов 77), Әжімов (К), Добай (Нұрбай 84), Майдан, Мұхамед (Герасимов 68)

Бапкер - Александр Фамильцев

Төрешілер: Хесник, Неску (екеуі де - Румыния), Солои, Богар (екеуі де - Венгрия),

09.10.2019. Дьер, Венгрия. Стадион «Дьирмот».

Бөлісу
Жоғары