Футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне жолдама алды

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне жолдама алды

24 қазан 2019, 21:14
2020 жылғы Еуропа Чемпионатының негізгі іріктеу кезеңінің екінші ойынында Қазақстан құрамасы Нидерланд құрамасын 5:0 есебімен ұтты.

Кака шәкірттері қарсыластың қақпасына жауапсыз бес гол соқты. Біздің команданың қатарынан қорғаушы Дуглас Жуниор хет-трик авторы атанса, қақпашы Игита мен шабуылшы Арнольд Кнауб бір-бір мәрте көзге түсті. 

Екі жеңістің арқасында Қазақстан құрамасы  2020 жылғы Әлем Чемпионатының элиталық кезеңіне жолдама алды. Элиталық кезең 2020 жылдың 28 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында өтеді. Қарсыластары 7 қараша күні анықталады. 

Топтық кезеңнің соңғы ойынын біздің жігіттер 26 қыркүйек күні алаң иелері Румыния құрамасына қарсы ойнайды. 

 

Нидерланд - Қазақстан - 0:5 (0:2)

Голдар: Дуглас Жуниор 1, 20, 34, Игита 14, Кнауб 39. 

Ескерту: Есенаманов 11

Нидерланд: Кейк, де Вит - Эль-Ганнути, Зеруали, Буюзан, Йордани, Оойеваар, С.Бузамбу, Моссауи, Сант-Юсте (К), Юс.Макрау, Велсебур, ван ден Эйнден, Бураараасси.

Қазақстан: Игита, Гуров - Тайнан, Турсагулов, Дуглас, Оразов, Иманалин, Нургожин, Лео, Сулейменов (К), Акбаликов, Есенаманов, Кнауб, Валиуллин.

Төрешілер: Нильхольт (Швеция), Ракуцкий (Беларусь), Галанте (Италия).

24.10.2019. Пьятра-Нямц, Румыния. «Мультиспорт Холл».

Бөлісу
Жоғары