Футзалдан Қазақстан құрамасының 2020 жылғы Әлем Чемпионатының негізгі іріктеу кезеңіне қатысатын құрамы

Футзалдан Қазақстан құрамасының 2020 жылғы Әлем Чемпионатының негізгі іріктеу кезеңіне қатысатын құрамы

21 қазан 2019, 20:00
Бас бапкер Кака іріктеу кезеңіне 14 ойыншыны шақырды.

Футзалдан Қазақстан құрамасы 16-21 қазан аралығында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізді. 

Біздің құрама 23-26 қазан аралығында 2020 жылғы Әлем Чемпионатының негізгі іріктеу кезеңіне қатысады. Ойындар Румынияның Пьятра-Нямц қаласында өтеді. Қарсыластарымыз - Албания, Нидерланд және Румыния құрамалары. 

 

2020 жылғы Әлем Чемпионатының негізгі іріктеу кезеңіне қатысатын футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының құрамы: 

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Александр Гуров («Аят»);

Алаңдағы ойыншылар: Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Дуглас, Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов, Альберт Ақбалықов (барлығы – «Қайрат»), Дінмұхамбет Сүлейменов, Арнольд Кнауб (екеуі де – «Жетісу»), Лео, Тайнан (екеуі де – «Спортинг», Португалия), Қайрат Иманалин («Ақтөбе»), Азат Валиуллин («Аят»).

 

Ойын кестесі:

23.10.2019. 19:30. Албания - Қазақстан.

24.10.2019. 19:30. Нидерланд - Қазақстан 

26.10.2019. 22:00. Қазақстан - Румыния. 

Нұр-Сұлтан уақыты көрсетілген.

Бөлісу
Жоғары