Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Македониямен тең ойнады

Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Македониямен тең ойнады

15 қазан 2019, 20:30
2021 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің ойыны Скопьеде өтті.

Есепті ойынның 20-минутында Македония құрамасының капитаны Милан Ристович ашты. Кездесудің 75-минутында Еркебұлан Сейдахмет шығарған пастан кейін Оралхан Өміртаев таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп – 1:1.

 

Македония U-21 –Қазақстан U-21 – 1:1 (1:0)

Голдар: Ристовски 20 – Өміртаев 75

Ескертулер: Здравковски 19, Лечина 39, Тодоровски 57, Руфати 81, Атанасов 81 – Сағнаев 27, Кусяпов 29, Пайруз 37, Кәрімов 81, Сейдахмет 81, Астанов 86, Кеңесов 90+2, Сейсен 90+4.

Македония U-21: Янков, Антовски (Йованов 85), Тодороски, Руфати, Лечина, Ристовски (К) (Крстовски 72), Атанасов, Чурлинов (Трапановски 72), Здравковски, Дачи (Ацковски 60), Митровски (Абаз 60).

Резерв: Божиноски, Серафимов, Гроздановски, Гьоргиевски.

БапкерБлагоя Милевски

Қазақстан U-21:  Сейсен (К), Наджарян, Орынбасар, Қасым, Кусяпов (Скворцов 79), Сағнаев, Адахаджиев, Пайруз (Кеңесов 90+3), Бачек (Астанов 71), Сейдахмет (Шушеначев 90+1), Өміртаев (Кәрімов 79).

Резерв:  Устименко, Шугаев, Кашкен, Захаренко;

Бапкер - Александр Москаленко.

Төрешілер: Николай Балакин, Семен Шлончак, Андрей Скрипка, Александр Дердо (барлығы - Украина)

15.10.2019. Скопье, Македония. ФФМ жаттығу орталығы.

Бөлісу
Жоғары