Роберто Мартинес: «Билектің командасы ұйымшыл екенін көрсетті»

Роберто Мартинес: «Билектің командасы ұйымшыл екенін көрсетті»

14 қазан, 02:00
Бельгия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес Қазақстанмен өткен ойыннан кейін журналистерді сауалдарына жауап берді:

- Бүгін қай сәтте өзіңізді бақытты сезіндіңіз?

- Осы аптада екінші ойынымызды өткіздік. Футболшыларымның ойынына және ойынға деген көзқарасына көңілім толады. Кеше жаттығуды жақсы өткіздік. Бірінші таймда Қазақстан құрамасы жақсы қорғанды. Гол салатын сәттерді ұйымдастыруға мүмкіндік бермеді. Бір гол салдық. Екінші таймда жүз пайыз 4-5 мүмкіндікті мүлт жібердік. Бір ғана голмен шектелуге тура келді. Қатарынан сегізінші ойында жеңіске жетіп отырмыз. Осы уақытқа дейін мұндай нәтиже болмады. Футболшыларымның жеңіске деген құштарлығы мені қатты қуантты.

- Бүгінгі ойында өз қалауыңыздағы құрамды шығардыңыз ба? Деннис Праттың ойыны қалай екен?

- Мен бақыттымын. Праттың ойынына көңілім толады. Бір рет гол соққанда өз үлесін қосты. Орталық алаңда Аксель Витсельмен жақсы үндесіп ойнады. Ванакен, Торган Азар, Кастанье және басқа ойыншылардың кездесуді жақсы өткізгенін айтқым келеді.

- «Челсиде» жиі алаңға шықпайтын Батшуайидің ойынына баға беріп өтсеңіз?

-  Оның ағылшын Премьер-лигасында әр ойында алаңға шыққанын қалаймын. Жасыл алаңда тоқсан минут ойнаса, жақсы позиция таңдап, гол соғады. Мен онымен сөйлестім. Ол «Челсиді» жақсы көреді. Оның позициясында бәсекелестік көп. Жағдай жақсы жағына қарай өзгереді деп ойлаймын. Жиі алаңға шыққаны біз үшін өте маңызды.

- Бірінші таймда бір мүмкіндіктен бір гол соқтыңыз. Ойынға қойылған нұсқау қандай болды?

- Бірінші таймға қойылған тапсырма жасанды алаңға бой үйрету болды. Ойынға бірте-бірте еніп, басымдықты арттыру. Қазақстан 55 минут жақсы ойын көрсетті. Біздің міндет гол жібермеу еді. Сол тапсырманы орындай алдық. Екінші таймда көп шабуылдап, тағы бір гол соқтық.

- Торган Азар қалай ойнады? Сан-Мариномен өткен ойында оның позицясында Шадли керемет ойнап еді.

- Торган соңғы айларда керемет ойын көрсетіп жүр. Оның алаңда атқаратын өз қызметі бар. Орталық алаңда басқа ойыншылармен түсінісіп ойнауы маңызды болды. Торганның Кипр және Ресейге қарсы ойындарын ерекше атап өткім келеді. Шадлидің тәжірибесі мол. Әлем Чемпионатында ойнады. Бельгия құрамасының соңғы ойындарында белсенді болып жүрген 4-5 футболшы бар.

- Еуропада ұзақ уақыт қызмет етесіз. Тәжірибеңіз де мол. Бүгінгі ойында қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы қалай екен?

- Қазақстан – керемет ел. Нұр-Сұлтана қаласына бар болғаны 20 жыл. Жергілікті жанкүйерлерді бізді қалай қарсы алғаны қатты ұнады. Олар Қазақстан құрамасына керемет қолдау көрсетті. Михал Билектің командасы ұйымшыл екенін дәлелдеді. Бас бапкер аз уақыттың ішінде жақсы команда жинап шығарды. Әр ойын сайын жақсарып келеді. Қазақстанның Кипр және Ресеймен өткен ойындарында жеңілгеніне көңілі толмағанын білемін. Алайда, қарсыластар да ойындарын жетілдіріп келеді. Сол кездесулерде Қазақстан құрамасының жақсы ойнағанын айтқым келеді.

- Қазақстан құрамасының қай ойыншысы көп қиындық тудырды?

- Маған техникалық шеберліктері зор ойыншылар ұнайды.  Исламхан ұнады. Өте қызықты ойыншы. Сонымен қатар, Георгий Жуков. Қазақстан қорғаушылары да жақсы қимылдады. Әсіресе, біздің ойыншылармен бетпе-бет қалған сәттерде сауатты ойнады. Бүгін Қазақстан құрамасы жақсы ойнап, жанкештілік танытты.

Бөлісу
Жоғары