Аксель Витсель: «Топта бірінші орын алу біз үшін өте маңызды»

Аксель Витсель: «Топта бірінші орын алу біз үшін өте маңызды»

12 қазан, 21:03
Бельгия құрамасының жартылай қорғаушысы Аксель Витсель Қазақстанмен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, журналистердің сауалдарына жауап берді:

— Аксель, алғашқы ойын Бельгияның Қазақстан құрамасынан әлдеқайда мықты екенін көрсетті...

— Бельгиядағыдай ойын болмайды деп ойлаймын. Ұзақ ұштық. Ұйқымыз қанбады. Шаршадық. Жергілікті жасанды алаңға бой үйрету үшін жаттығу жүргізу қажет. Топта бірінші орын алу біз үшін өте маңызды.

— Бельгия құрамасы жолдама алды. Қазақстанмен ойын қаншалықты маңызды?

— Жеңіске жету үшін ойнаймыз.

— Қазақстанның Кипрден жеңілгеніне таңдандыңыз ба?

— Иә, күтпедім. Кипр құрамасын жеңу үшін Қазақстанның барлық мүмкіндігі бар деп санаймын. Қарсыластарды құрметтеймін. Өйткені, бізге қарсы барлығы екі есе күшпен ойнайды. Оңай ойын күтпеймін.

Бөлісу
Жоғары