Қазақстан футболшылары өз алаңында Кипрге жол берді

Қазақстан футболшылары өз алаңында Кипрге жол берді

10 қазан 2019, 22:06
2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Кипр футболшыларын қабылдады.

Ойынның 34-минутында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов есеп ашты. Алайда, екінші таймда Кипр футболшылары таразы басын теңестіріп қоймай, жеңісті жұлып алды. Гол соққандар - Пиерос Сотириу және Николас Янну.

Қазақстан – Кипр - 1:2 (1:0)

Голдар: Темирлан Ерланов 34 - Пиерос Сотириу 73, Николас Янну 84.

Бөлісу
Жоғары