Михал Билек: «Кипр футболшылары үш мүмкіндіктің екеуін пайдаланды»

Михал Билек: «Кипр футболшылары үш мүмкіндіктің екеуін пайдаланды»

10 қазан, 23:18
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Кипрмен өткен ойыннан кейін журналистердің сауалдарына жауап берді:

- Ойынның алғашқы жиырма минутын өте нашар ойнадық. Кейін ойынды түзеп, үш-төрт рет гол салатын сәттер ұйымдастырдық. Екінші таймда қорғаныс арқылы ойнадық. Ян Вороговскийдің гол салатын мүмкіндігі болды. Сүйімбаев те гол соға алмады. Кипр футболшылары үш мүмкіндіктің екеуін пайдаланды.

- Екінші таймда ойын деңгейі неге төмендеді?

- Бірінші таймда бірнеше рет мүлт кеттік. Үзілісте соны ескерттім. Бүгін біздің жолымыз болмады.

- Қазақстанның бірінші таймда ойынынң тағдырын шеше алатын жағдайы болды. Келісесіз бе?

- Әрине, алайда бұл - футбол.

- Ян Вороговскийдің ойынына баға беріп өтсеңіз?

- Екі рет гол соғатын мүмкіндігі болды. Ян ойынның қаһарманы атанар еді. Сәттілік серік болмады.

Бөлісу
Жоғары