Ран Бен-Шимон: «Екі құрамаға да ойын қиын болды»

Ран Бен-Шимон: «Екі құрамаға да ойын қиын болды»

10 қазан, 23:37
Кипр құрамасының бас бапкері Ран Бен-Шимон ойын соңындағы баспасөз мәслихатына қатысты.

- Екі құрамаға да ойын қиын болды. Жеңіске жеткенімізге ризамыз. Жақсы ойын көрсеттік. Біз үшін үлкен сынақ болды. Қазақстан құрамасы мен бас бапкері Михал Билекті құрметтеймін.

- Екі түрлі тайм болды. Неліктен?

- Бірінші таймда жасанды алаңға үйрену үшін уақыт қажет болды. Нұр-Сұлтанда кез келген командаға ойнау қиын. Ойынды қалай бастағанымыз емес, қалай аяқтағанымыз маңызды.

Бөлісу
Жоғары