Максим Федин: «Кипрмен өткен ойынның нәтижесіне қарамастан қолдау білдіретін әр жанкүйерге алғысым шексіз»

Максим Федин: «Кипрмен өткен ойынның нәтижесіне қарамастан қолдау білдіретін әр жанкүйерге алғысым шексіз»

12 қазан 2019, 19:45
Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншысы Максим Федин Бельгиямен өтетін ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді:

— Футбол жеңіс пен жеңілістен тұрады. Кейде атақты футболшылар да қателік жібереді. Кипрмен өткен ойында бірнеше сәтте гол сала алмадық. Алайда, алда  басқа ойындар бар. Мәселен, Шотландиямен ойында тепкен доптарымыз қақпаның торына дарыды. Келесі кездесулерде жанкүйерлерге қуаныш сыйлау үшін күш саламыз.

— Кипрмен ойыннан кейін Бельгияға ауысу қаншалықты қиын?

— Мұндай турнирде кез келген қарсыласқа қарсы лайықты дайындаласың. Кипрмен өткен ойынның нәтижесіне қарамастан қолдау білдіретін әр жанкүйерге алғысым шексіз.

— Кипрмен ойыннан кейін команданың ішкі жағдай қандай?

— Барлығы да алаңдаулы. Жеңіске жетуге мүмкіндік болды. Әрі қарай жақсы ойнау үшін ойынды қайта қарап, талдау жасадық.

— Бельгияға дайындық қалай?

— Салмақты қарсылас. Барлығы біздің ойынымызға тәуелді. Ертеңгі ойында оң нәтиже болады деп үміттенеміз.

Бөлісу
Жоғары