Қазақстан құрамасы Бельгиядан жеңілді

Қазақстан құрамасы Бельгиядан жеңілді

13 қазан 2019, 23:14
2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын Қазақстан құрамасы өз алаңында өткізді.

Ойынның есебін алғашқы таймда Бельгия құрамасының шабуылшысы Миши Батшуайи ашты. Қорғаушы Тома Менье екінші таймның басында есепті еселеді. Кездесудің соңында Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан айып соққысынан қақпаға тура бағыттаған. Алайда, қарсыластың қақпашысы Тибо Куртуа оның соққысын қайтара алды. Қорытынды есеп - 0:2.

 

Қазақстан - Бельгия - 0:2 (0:1)

Голдары: Миши Батшуайи 21, Тома Менье 53

Ескертулер: Георгий Жуков 36, Сергей Малый 58, Абзал Бейсебеков 82, Айбол Әбікен 90+3 - Миши Батшуайи 11, Аксель Витсель 81

Қазақстан: Дмитрий Непогодов, Александр Марочкин, Сергей Малый, Олжас Керімжанов, Абзал Бейсебеков, Георгий Жуков (Тоқтар Жаңғылышбай 84), Айбол Әбікен, Дмитрий Шомко, Максим Федин (Юрий Перцух 71), Ғафуржан Сүйімбаев (Ян Вороговский 62), Бауыржан Исламхан (К).

Резерв: Стас Покатилов, Игорь Шацкий, Дмитрий Мирошниченко, Виктор Дмитренко, Асхат Тағыберген, Сергей Хижниченко.

Бас бапкер - Михал Билек.

Бельгия: Тибо Куртуа, Ян Вертонген, Тоби Алдервейрелд, Томас Вермален (Брэндон Мехеле 90+2), Аксель Витсель, Деннис Прат, Торган Азар, Тома Менье, Эден Азар (К), Дрис Мертенс (Янник Карраско 78), Миши Батшуайи (Кристиан Бентеке 78).

Резерв: Йенс Тенкенс, Матц Селс, Дедрик Боята, Тимоти Кастанье, Ханс Ванакен, Насер Шадли, Яри Версхарен, Аднан Янузай, Дивок Ориги.

Бас бапкер - Роберто Мартинес.

Төрешілер: Гедиминас Мажейка, Витаутас Шимкус, Витенис Казлаускас (барлығы - Литва)

13.10.2019. Нұр-Сұлтан. «Астана Арена» стадионы. 26 801 жанкүйер.

Бөлісу
Жоғары