Рамазан Кәрімов: «Жеңіске жеткіміз келеді»

Рамазан Кәрімов: «Жеңіске жеткіміз келеді»

15 қазан, 00:25
Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Рамазан Кәрімов Македониямен өтетін кездесу алдында команданың дайындығы туралы айтып берді.

- Ойынға дайындық қалай?

- Ойынға дайындық қызу жүріп жатыр. Тек жеңіске жеткіміз келеді!

- Ойыннан не күтесіз?

- Македония - біздің топтың көшбасшысы. Ауыр ойын күтіп тұр. Ең жоғары нәтижеге қол жеткізуді қалаймыз.

- Оң нәтижеге қалай қол жеткізуге болады?

- Ең бастысы – команданың үйлесімді әрекеті. Сонымен қатар, жасыл алаңда мінез көрсетіп, қорғаныстағы тәртіпті ұмытпаған жөн.

Бөлісу
Жоғары