Адам Адахаджиев: «Екі команда үшін де маңызды ойын»

Адам Адахаджиев: «Екі команда үшін де маңызды ойын»

15 қазан, 11:58
21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Адам Адахаджиев Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Македониямен ойын туралы көзқарасын айтып өтті.

- Барлық команда алдағы ойынды асыға күтіп жүр. Әр футболшы халықаралық деңгейдегі ойынға қатысуды армандайды. Ойын қиын болмақ. Өйткені, мұндай турнирде жеңіл қарсылас жоқ. Біздің қарсыласымыз алғашқы екі ойынында жеңіске жетті.

- Команда Скопьеде бірнеше жаттығу жасап үлгерді. Тез бой үйреттіңіздер ме?  

- Иә, Скопьеде екі рет жаттығу жасадық. Қолайлы жағдай жасалған. Уақыт айырмашылығына байланысты аздаған қиындықтар болуы мүмкін. Алайда, үш күн ерте келдік. Сол себепті бой үйретуге уақыт болды. Сонымен қатар, біздің жаттықтырушылар штабына мұндай процесті жеңілдететін нағыз мамандар жұмыс істейді. Сондықтан адаптация мен дайындық барысында ешқандай мәселе болмауы тиіс.

- Македония қандай футбол ойнады?

- Македония техникалық футбол ойнауды жақсы көретін команды. Әуедегі допқа таласта қарсыластарына мүмкіндік қалдырмайды. Қарсылас соңына дейін талас жүргізгенді ұнатады. Шабуылда да шебер ойыншылары бар. Оңай болмайды. Сол себепті жасыл алаңда бір-бірімізге көмектесуіміз қажет.

- Алдағы ойында жеңіске жеткізу қаншалықты маңызды?

- Біз үшін өте маңызды. Өйткені, ұпайларымыздың саны бірдей. Бізге ұпай қажет. Македония футболшылары да осындай мақсатты алға қоятынын ұмытпаған абзал. Сол себепті екі команда үшін де маңызды ойын болмақ. Қарсыластың жеңіс сериясын үзгіміз келеді.

Бөлісу
Жоғары